Ғылымды коммерцияландыру департаменті

Ғылымды коммерцияландыру департаменті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президентінің 03 қыркүйек 2019 ж. №167  «Университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы » бұйрығымен құрылды.

Ғылымды коммерцияландыру департаменті (одан әрі – ҒКД) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (одан әрі – ХҚТУ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Ғылымды коммерцияландыру департаменті директоры – PhD доктор Керімбеков Ержан Рахымжанұлы.

Департаменттің құрамы 3 бөлімнен тұрады:

  1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі
  2. Коммерциализациялау офисі
  3. Ғылыми басылымдар офисі

 

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • Ағымдағы және болашақтағы ғылыми және инновациялық қызметті жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша зерттеулер құжаттамасын үйлестіру, жүргізу және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау, іргелі және қолданбалы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысу;
  • Коммерцияландыру әлеуетіне ие келешекті жобаларды іздестіру.
  • Университеттің патенттік портфеліне талдау жүргізу.
  • Инновациялық жобаларға алдын-ала қаржылық талдау жүргізу, сондай-ақ оларды бағалау және қаржыландыру мүмкіндігі бойынша алдын-ала іріктеу жұмысын ұйымдастыру және оған қатысу.
  • Келген мақала қолжазбаларының ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016  жылғы 12 қаңтар, №20 бұйрық)  талаптарына және  «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қадағалау.
  • «Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету.
  • Ғылыми мақаласы келіп түскен барлық қазақстандық және шетелдік ғалымдармен байланыс орнату.