Керімбеков Ержан Рахымжанұлы
Офис басшысы

КОММЕРЦИАЛИЗАЦИЯЛАУ ОФИСІ

Офистің құрылуы: Коммерциализациялау офисі Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Б.С. Абдрасиловтың 18.06.2018ж. күнгі №1/375 бұйрығымен құрылды.

Мақсаты:

  • Университет ғалымдарына технологияларды және ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру әдістері жайында ақпараттық және таныстыру жұмыстарын жүргізу;
  • Университет ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін, консалтингтік және сараптамалық қызметтерін  коммерцияландыру  бойынша кеңес беру, қолдау көрсету.

Міндеттері:

  1. Ғылыми зерттеу жобаларды басқару, мониторинг жасау және бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. Университеттің коммерцияландыру мүмкіндігі бар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін саралау және нарыққа шығаруға қолдау көрсету;
  3. Ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің жалпы білім беру саласына және экономикаға үлес қосуын қамтамасыз ету мақсатында университеттің инновациялық инфрақұрылымын құру және басқару;
  4. Интеллектуалды меншікті қорғау және лицензиялау тұралы кеңестер беру;
  5. Жас ғалымдардың зерттеулерін қолдауға бағытталған Start-up компаниялар, Бизнес-инкубаторлар, Акселерациялық бағдарламалар құру, қолдау көрсету.
  6. Университетіміздің Жас ғалымдарына өз жұмыстарын коммерциялау бойынша тренинг-семинарлар беру.

Патенттеу бойынша Маман

Жантаев Абдужамиль Абдухаликович

Маман

Әбдіқадыр Нұрлыхан Оразәліұлы

Маман

Сыздыкова Гауһар Жұмағұлқызы