Конкурс іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша жүргізіледі:

 

Іргелі зерттеулер бойынша:

  1. Мемлекеттің әскери ұйымын дамыту;

Қолданбалы зерттеулер бойынша:

  1. Әскери техника мен қарулы күштерді технологиялық жетілдіру мен жаңғыртуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  2. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы мен құралы ретінде цифрландыру.
  3. Әскери қызметшілердің тамақтану рационын жаңғырту саласындағы зерттеулер.

 

Құжаттарды қабылдау: 17.10.-17.11.2018ж. аралығында жүргізіледі

 

Конкурс құжжаттамалары 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурстардың шарттарын www.scedu.kz/about/memlekettik-siiliktar-men-stipendiyalar сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады. Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО)(http://gov4c.kz сайтында мекен-жайлар көрсетілген) қабылданады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қазақстандық студенттер арасындағы дербес стипендияларды алуға ай сайынғы конкурс өткізеді

Қордың стипендиясы конкурстық негізде тағайындалады, онда Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнайы оқу орындарының (өнер және мәдениет) студенттері қатыса алады.

Қордың конкурсына өтінім беретін үміткерлер кемінде екі курсты сәтті аяқтауы, академиялық үлгерімі бойынша максималды көрсеткіштері болуы тиіс. Университеттің  ғылыми-зерттеу, шығармашылық және қоғамдық өмірінде белсенді қатысуы. Кандидаттар өздерінің үлгерімдерін сертификаттармен, грамоталармен, баяндамалармен, жарияланымдарымен, сөйлеген сөздерімен және сыйлықтарымен растауы қажет.

Қордың стипендиясы жалпы белгіленген стипендия өзгеше төленеді, бір жылға тағайындалады және ай сайын оқу жылы кезінде ғана төленеді, маусым, шілде және тамызды қоспағанда.

Жыл сайынғы конкурс екі жүйелі турдан тұрады:

Екінші турды Қор жоғары оқу орындарында өткізеді, оның барысында Қордың стипендиясын алуға үздік студенттерді іріктеу жүзеге асырылады.

Екінші (республикалық) турды Қор жоғары оқу орындарының ұсынған студенттері арасында өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының студенттік стипендияларын тағайындау ережесін жүктеп өтінімді толтыру қажет.

  • Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
  • Өнер және мәдениет оқу орындарының студенттеріне арналған өтінімді жүктеу.
  • Ережені жүктеу.

Өтінімдерді қабылдау 2018 жылғы 28 мамырдан басталып 21 қыркүйекке дейін.

Қордың стипендиясының мөлшері және саны.

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

Анықтама үшін:

  • Едигеева Роза Макашевна, +7 (727) 220 92 24, roza@fpp.kz

Исмаилов Тимур Муратович, +7 (727) 220 92 14, tismailov@fpp.kz

Номинация «Студенттер арасында ең үздік технологиялық шешім»

Номинацияның негізгі мақсаты

Жастардың инновацияға деген қызығушылығын ынталандыру, практикалық тәжірибе алуға және технологиялық кәсіпкерлердің жаңа ұрпағын өсіруге мүмкіндік беру.

Номинацияның жүлдегерлері үшін келесі сыйлықтар көзделген:

1 орын — жетекші шетел оқу орнында немесе технологиялық дамуды қолдау саласында ұйымда оқыту курсы;

2 орын — 800 000 теңге;

3 орын — 400 000 теңге;

Халықтың дауыс беру жүлдесі – 200 000 теңге.

Осы номинациядағы Байқаудың қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • ЖОО студенттерінен 2 – 5 адамнан тұратын команда болу;
  • әлеуметтік-маңызды тапсырманы шешуге және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуға және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен келесі ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуға бағытталған жобаны дайындау:
    • Өндіріс циклінің қосалқы өнімін алу үшін қалдықтарды пайдалану және оларды кәдеге жарату жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Тұрғын үй және офистік ғимараттарда ауаны тазарту және оттегі құру мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Сурдоаударманы шынайы уақытта автоматтандыру жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Көпірлерді, жедел сатыны, эскалаторларды және т.б. аппатылығын / техникалық ақауларын анықтау жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Оқу орындарындағы қауіпсіздік мәселелері жөнініде технологиялық шешімді ұсыныңыз.
    • Жастарға жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар беруді ынталандыру (жастар еңбек биржалары) жөнініде желілік кеңістіктегі технологиялық шешімді ұсыныңыз.
  • ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын технологиялық шешім туралы бейне-презентация дайындау, өтінімді берген кезде бейнероликке сілтемені көрсете отырып, YouTube порталына шығару. Осы бейне-презентация келесі ақпаратты қамтуы керек:
  • — жоба әлеуметтік-маңызды тапсырманы және/немесе қоғам өмірінің сапасын жақсартуды және/немесе бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелеріне ең жақсы шешім ұсынуды қалай шешеді;
  • бизнес-жоспар;
  • команданда әрбір қатысушысының рөлі.

Шешімдерді іріктеу тәртібі:

Осы номинациядағы Байқау төрт кезеңде өткізіледі:

I кезең – «ТДҰА» АҚ веб-парақта (өтінімді онлайн беру) байқау үшін ең үздік шешімге бар өндірістердің, технологиялардың, үдерістердің, өндірістік/ұлттық компаниялармен ұсынылған өнімдер мен қызметтердің өзекті мәселелерін орнатады;

II кезең – бейне-өтінімдерді жинау;

III кезең – 20-баллдық шкала бойынша Сараптамалық комиссия мүшелерінің бағалары бойынша 10-нан артық емес финалға қатысушылар-командаларды іріктеу;

IV кезең — Сараптамалық комиссия алдында бейнеконференц байланыс арқылы 10-нан артқы емес финалға қатысушылар – командалардың сұрақтарға жауап (2 мин.) және онлайн питч (презентация) 3 (мин.), оның нәтижесі бойынша жүлдегерлер,2,3 орындар таңдалатын болады.

Халықтың дауыс беру жүлдегері бәріне қарағанда онлайн дауыс беру/ұнатулардың ең көп мөлшерін жинаған жоба болады.

Іріктеудің өлшемшарттары:

  • ұсынылатын шешімді жүзеге асырудың жоғары потенциалы;
  • ұсынылатын шешімнің өзектілігі;
  • тапсырманы орындауға жасампаздық;
  • шешудегі инновациялық құраушы;
  • нарыққа бағдарландық;
  • өмір сапасын арттырады;
  • командада жұмыс жасай алу.

https://natd.gov.kz/activity/nic/