Өкілетті кеңес

Өкілетті Кеңес – ортақ мекеме, ортақ басқару ұстанымын басшылыққа ала отырып, университетті басқаруда әкімшілік, қаржылық және академиялық әдістер мен негіздерді белгілеу құзіретіне ие, университеттің заңды тұлғалық мәртебесіне өкілдік ететін ең жоғарғы шешім қабылдаушы органы болып табылады.Өкілетті Кеңес 10 (он) мүшеден тұрады. Өкілетті Кеңестің 5 (бес) мүшесі Түркия Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалады. Осы мүшелердің біреуі Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасы болып тағайындалады.

Өкілетті Кеңес төрағасының өкілі (төраға орынбасары) және 4 (төрт) мүшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.

Университет ректоры Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады.

Өкілетті Кеңес мүшелерінің жұмыс істеу мерзімі – 5 (бес) жыл. Кеңес мүшелігінде орын босаған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәртіппен мүше тағайындалады. Негізгі мемлекеттік қызметі сақтала отырып, Өкілетті Кеңеске тағайындалған төраға және мүшелері, негізгі мемлекеттік қызметінен босаған жағдайда Өкілетті Кеңестегі мүшелігі де аяқталады.

Университет ректорының мүшелігі қызмет мерзімімен шектеулі.

Өкілетті Кеңес мәжілісі жылына ең кемі екі рет өткізіледі. Мәжіліс орны, өтетін уақыты және күн тәртібі университет ректоры мен Кеңес мүшелерінің ұсыныстары назарға алына отырып, Өкілетті Кеңес төрағасы тарапынан белгіленеді. Мәжіліс жиналымы ең кемі 7 (жеті) мүшесі қатысқан жағдайда жұмыс істеу құқына ие болады. Әрбір мүше өзінің пікірін «қарсы емеспін» немесе «қарсымын» деп білдіреді. Дауыстар тең болған жағдайда Өкілетті Кеңес төрағасының дауысы екі дауыс болып саналады.

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Профессор доктор Мұхиттин ШИМШЕК

Мармара университетінің профессоры (Түркия)

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Асхат Канатович Аймагамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі (Қазақстан)

Өкілетті қеңес мүшесі

Доцент доктор Ибрахим КАЛЫН

Т.Р. Президент Кеңсесінің Бас хатшы орынбасары (Түркия)

Өкілетті қеңес мүшесі

Тәжібаев Ұлан Қалмұханұлы

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Өкілетті қеңес мүшесі

Доктор Сердар ЧАМ

ТР Мәдениет және Туризм министрі орынбасары  (Түркия)

Өкілетті қеңес мүшесі

Абдрасилов Болатбек Серікбайұлы

Ахмет Ясауи университетінің ректоры (Қазақстан)

Өкілетті қеңес мүшесі

Тұрымбаева Ләззат Амангелдықызы

ҚР Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директор орынбасары (Қазақстан)

Өкілетті қеңес мүшесі

Аида Сағынтаева

Назарбаев Университетінің тәуелсіз Жоғары білім беру мектебінің деканы (Қазақстан)