Президент

Уәлихан Сейділдәұлы Әбдібеков

Ахмет Ясауи университетінің ректоры, профессор

физика-математика ғылымдарының докторы

  • 1982 жылы С.М. Киров атындағы КазГУ-дің механика және қолданбалы математика факультетін «Механика» мамандығы бойынша бітірді.
  • 1982-1990 жылдар аралығында ҚазҒЗИ-да энергетик инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
  • 1990 жылы кандидаттық диссертациясын қорғап, ҚазССР ҒА география институтутына аға ғылыми қызметкер жұмысына қабылданды, содан кейін  математикалық модельдеу зертханасының қызметіне тағайындалды.
  • 1995 жылы ҚР МҒА математика институтына қолданбалы гидродинамика зертханасына жетекші ғылыми қызметкер жұмысына ауысты.
  • 2002 – 2010жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің компьютерлік және есептеуіш технологиялар кафедрасының меңгерушісі қ.а. болып жұмыс істеді.
  • 2003 жылы Әбдібеков У.С. «Численное моделирование неоднородных турбулентных течений» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
  • 2010 жылдың қыркүйегінен бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы қызметін атқарып келді.
  • 2012 жылдың наурызынан бастап ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры болып тағайындалды,
  • 2002 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Математика және Механика ҒЗИ-ның бас ғылыми қызметкері болып табылады.
  • 20 – дан астам ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқаруда.
  • Үш монографиясы және 100-ден астам ТМД мен алыс шетелдердің реферацияланатын журналдарында, ғылыми басылымдарында жарияланған  мақалалары бар, 5 ғылым кандидатын және 5 PhD докторды дайындаған.

Ғылыми қызығушылықтары: турбуленттік ағыстар проблемасы, күрделі сызықты емес физикалық құбылыстарды математикалық модельдеу, турбуленттік МГД ағыстарын математикалық модельдеу; турбуленттілікті модельдеуге арналған Чебышев полиномдары негізіндегі  спектралды әдіс; стратификацияланған ортаға арналған жартылай эмпирикалық модельдер; турбуленттілік проблемасын модельдеуге арналған ірі құйындар әдісі;

  • 2006 және 2011 жылдары ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының жеңімпазы,
  • «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері
  • Ұлттық инженерлік академияның академигі, 2015
  • Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі, 2010
  • Ресей ҒА СБ «Вычислительные технологии» журналының редакциялық ұжымының мүшесі