Университет Сенатының (Ғылыми Кеңесінің) қызметі

Сенат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы Үкіметтерінің білім беру саласын реттейтін жарлықтарына, басқа да білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаулылары мен шешімдеріне, университет Жарғысына сәйкес жұмыс атқарады.
Сенат университеттің жоғарғы алқалы ұйымы болып табылады.
Сенат университет президентінің басшылығымен қызмет атқарады. Сенат құрамына Президент басшылығымен қатар ректор өкілі (І-ші вице-президент), Вице-президенттер, факультет декандары, клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері, институт және колледж директорлары, сондай-ақ университет Кәсіподақ ұйымының төрағасы, университет Жастар ұйымының төрағасы және әр факультеттен факультет Кеңесі тарапынан ұсынылған бір-бір оқытушыдан енеді.
Факультет Кеңесі тарапынан сайланатын Сенат мүшелері үш жылға, ал қалғандары қызметтерінің соңына дейін Сенатқа мүше болады. Сенат жоспар бойынша жылына кем дегенде 4 (төрт) рет өткізіледі.
Сенаттың негізгі қызметтері мен міндеттері:
Сенаттың қызметтері университет Жарғысына сәйкес төмендегіше  атқарылады:
— Академиялық құрылымдық бөлімдерді ашу, біріктіру немесе жабу туралы ұсыныстарды талқылау және Өкілетті Кеңестің бекітуіне ұсыну;
— Университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және баспа жұмыстарының негіздері туралы шешім қабылдау;
—  Арнайы орта білім, бакалавр, магистратура және докторантура оқу бағдарламалары мен жоспарына өзгеріс енгізу туралы ұсыныстарды қарастыру және Өкілетті Кеңестің бекітуіне ұсыну;
—  Университеттің жылдық оқу жоспарын қарастыру және бекіту,
—  Емтихан жүйесінің негіздерін айқындау;
— Университеттің Құрметті және академиялық атақтарын беру туралы ұсыныстарын қарастыру және шешім қабылдау;
—  Университеттің ішкі тәртіп негіздері мен ережелерін айқындау;
— Ректорат тарапынан дайындалған университеттің жұмыс есебін, стратегиялық жоспарын және оның даму көрсеткіші туралы есебін талқылау;
— Сенат құрамын бекіту;
— Университет президентінің жыл бойы атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау;
— Университеттің Басқару кеңесінің мүшелерін сайлау;
— Факультет, институт және колледждердің білім беру саласындағы мәселелеріне қатысты шағымдарды қарастырып, шешім қабылдау;
— Регламенттерде көрсетілген басқа да міндеттер мен қызметтерді атқару.
 

Керимбаева Ботагоз Талгатовна анықтамасы және жарияланымдары

Азретбергенова Гулмира Жарылхасыновна анықтамасы және жарияланымдары 

Алтынбекова Минаш Оразбаевна анықтамасы және жарияланымдары

Тулешова Эльмира Жанбырбаевна анықтамасы және жарияланымдары 

Кенджаева Балнур Балабековна анықтамасы және жарияланымдары 

Келесбаев Динмухамед Нурмаханбетович анықтамасы және жарияланымдары

Абжалов Багдат Садыкович анықтамасы және жарияланымдары

Байзак Усен Ахметұлы анықтамасы және жарияланымдары

Джаздыкбаева Мария Ботаевна анықтамасы және жарияланымдары

Халилаев Абдисадык Нурлакович  анықтамасы және жарияланымдары