Батырбаев Нұрлан Мұхтарұлы

Заң ғылымдарының кандидаты, профессор

  • Батырбаев Нұрлан Мұхтарұлы 1974 жылы 25-ші ақпанда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Өгем елді мекенінде дүниеге келген.
  • 1984 жылы Өгем бастауыш мектебін, 1989 жылы Қазығұрт аудан орталығындағы N11 мектеп-интернаттың 8-ші сыныбын, 1991 жылы Қазығұртта «Болашақ» гимназиясының 11-ші сыныбын бітірген. Мектеп қабырғасынан кейін Өгем орман шаруашылығының Өгем бөлімшесінде жұмысшы болып істеді.
  • 1992 жылы Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Заң” факультетінің күндізгі бөлімінің 1-ші курсына оқуға түсіп,оны “Құқықтану” мамандығы бойынша 1996 жылы үздік бітіріп шықты.
  • 1996 жылы аталған университеттің магистратурасына түсіп, “Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелері” атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, 1998 жылы оны үздікқорғап, құқық магистрі академиялық дәрежесін алды.
  • 1998 ж. ғылыми зерттеу жұмысынжалғастыру  мақсатында аспирантураның күндізгі бөліміне түсті. 2000 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін бітіріп,“Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық негіздері” атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны жазып аяқтады.
  • 2002 ж. 31-ші қаңтарда ҚазҰУ-дегі заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А.01.29 диссертациялық кеңесінде “Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық негіздері” атты тақырыпта 12.00.06 – мамандығы бойынша кандидаттық  диссертация қорғап, заң ғылымдарының кандидаты (Ph.D) ғылыми дәрежесін алды.
  • 2006 ж. «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық негіздері» атты іргелі және республикада бұл тақырыпта алғашқы болып табылатын монографиясы жарыққа шықты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2007 жылғы 30 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша «Доцент» ғылыми атағы берілді. 2012 жылдан А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры.
  • 2000 жылдың 1-ші қыркүйегінен 2002 жылдың 20 ақпанына дейін Заң факультеті деканының оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін,
  • 2002 жылы 20-шы ақпанынан “Азаматтық құқық және іс жүргізу” кафедрасының меңгерушісі қызметін,
  • 2006 жылдың 22 желтоқсанынан Заң және экономика факультетінің деканы қызметін атқарды.
  • 2007 жылдың 01 қыркүйегінен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты директорының ғылыми, әдістемелік және халықаралық істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
  • 2009 жылдан 2013 жылдың 07-ші тамызына дейін Гуманитарлық-педагогикалық сырттай оқу факультетінің деканы қызметін атқарды.
  • 2013 жылдың 07-тамыздан бастап Халықаралық қазақ-түрік университетінің өндірістік және шаруашылық істері жөніндегі Вице-президенті қызметін атқарады. Қазақ, орыс және түрік тілдерін еркін игерген, ағылшын тілін оқып түсіне алады. Бір монография, төрт оқу құралы, жеті оқу-әдістемелік және отыз бес ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының ішінде «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық негіздері», «Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқығы», Хозяйственное право Республики Казахстан» және «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) атты еңбектерінің маңызы зор.
  • Отыз сегіз құқық магистріне ғылыми жетекшілік жасап дайындап шығарды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • қоғамдық қатынастарды экологиялық-құқықтық реттеуді жетілдіру;
  • азаматтардың құқықтарының қорғалуындағы азаматтық-құқықтық нормалардың орны мен оларды жетілдіру (салыстырмалы зерттеу);
  • иондаушы сәуле көздерін пайдаланудағы адам құқығы мен қоршаған ортаны құқықтық қорғау мәселелері;
  • халықтың құқықтық сауаттылғын көтерудегі мемлекеттің басқару қызметі.