Мехмет Куталмыш

Ректор өкілі, профессор доктор

Мехмет Куталмыш, 1965 жылы Афионкарахисарда дүниеге келді. 1971-1979 жылдар аралығында Афионкарахисарда бастауыш мектеп пен орта мектепті, 1979-1983 жылдар аралығында Измит Имам Хатип лицейінде оқыды. 1987 жылы Стамбул университетінің «Түрік тілі және әдебиеті» бөлімін бітірді. 1987 жылдың қазан айы мен 1988 жылдың мамыр айы аралығында Министрлер Кабинетіне қарасты Османлы мұрағаттарында мұрағат қызметкері болып жұмыс істеді. 1988 жылдың мамыр айынан бастап 1998 жылға дейін Стамбул университетінің  Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасында ғылыми ассистент болып жұмыс істеді. Стамбул университетінде қызмет атқара жүріп 1990 жылдың қаңтар айы мен 1997 жылдың тамыз айының аралығында Германияның Johannes Gutenberg университетінің Түркология бөлімінде magna cum laude дәрежесімен докторантура бағдарламасын бітірді.

  • 1990-2013 жылдар аралығында Голландия, Бельгия, Македония, Греция, Болгария, Ресей, Татарстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Армения, Иран, Ирак, Швеция, Сирия, Индонезия, Корея, Балкан елдері, Кавказ елдері, Орта Шығыс елдері сияқты шамамен 40 елде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сабақ беріп, конференциялар өткізді.
  • 1998 жылдың қараша айы мен 2010 жылдың қыркүйек айы аралығында Стамбул Фатих университетінің «Түрік тілі және әдебиеті» және «Қазіргі түркі диалектілері» кафедрасында доц. м.а. және доц. док. болып қызмет атқарды.
  • 2010 жылдың желтоқсан айында Абант Иззет Байсал университетінің «Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасында профессор болып қызмет атқарды. Ал, 2011 жылдың басында кафедра меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
  • 2012 жылдың шілде айында Шет тілдері колледжі мен тіл білімі ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып қызметке тағайындалды.
  • 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ректор өкілі (І Вице-президент) қызметін атқарып келеді.