Есімова Шолпан Алтынбекқызы

  • Экономика ғылымдарының докторы;
  • «Болашақ» стипендиясының иегері. Ольстер университетінде (Солтүстік Ирландия) және Эдинбургский университетінде (Шотландия) ғылыми тәжірибеден өтті;
  • Индиана университеті және Пердью университетінде (США) мемлекеттік басқару жөнінен машықтанудан өтті;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «2007 жылдың Үздік оқытушысы» грант иегері;
  • Қазақстанда БҰҰ Дамыту бағдарламасының грант иегері.

12.09.1973 ж. Тараз қаласында туылған

2018 ж. 24 тамыздан бастап – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті.

2012-2018жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректор

2007-2012жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының профессоры

2004-2007жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Менеджмент және адам ресурстарын басқару» кафедра меңгерушісі

2003-2004жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ғалым хатшысы

2002-2003жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік қызмет және менеджмент» кафедрасының оқытушысы

2000-2002жж. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік басқару органдарында менеджмент» кафедрасының әдіскері

1997-2000жж. Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару» кафедрасының аспиранты

1996-1997жж. Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Маркетинг және еңбек социологиясы» кафедрасында машықтанушы-оқытушы

1995-1996жж. «Мейрамгуль» ЖШШ-нің бас бухгалтері

Ғылыми гранттар

  1. Қазақстанда БҰҰДБ грант иегері, «Жоғары білім саласында адам әлеуетін дамыту туралы курсқа кіріспе», № 2006-0223-S / A  12/08/06 ж.
  2. «Жергілікті деңгейде отбасы мен балалар мүдделерінде әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мониторингі, жоспарлау, іске асыру» ЮНИСЕФ жобасының тренері, негізгі әзірлеуші (2007-2009).
  3. «Талдау және болжам жүргізуде ұйымдастырушылық қолдау» TACIS EDKZ # 9602 жобасына қатысу (2010).
  4. «Мемлекеттік жоспарлау құжаттарын айқындау, болжау бойынша тәсілдерді дамыту, оларды үлестіру және бюджеттік бағдарламалармен үйлестіру» жобасына қатысу, ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі (2012).
  5. «Қазақстанда стратегиялық мемлекеттік жоспарлау» жобасы, ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі (2013).
  6. Қазақстанда БҰҰДБ жобасы 11.09.2013 жылғы №2013-065, «Қазақстанда жұмыс күшінің сұранысын болжау», ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, (2013).
  7. ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін Жұмысбастылық концепциясы жобасын әзірлеу» (2014).
  8. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Мемлекеттік қызмет саласында қолданбалы ғылыми әдістерді әзірлеу және ғылыми зерттеулер жүргізу» (2012-2014, No. 15 of May 7, 2012, No. 23 of April 19, 2013, No. 21 of February 24, 2014.
  9. Ақтөбе облысы мәслихатының қаулысына сәйкес «Қоғамдық кеңестер — қоғам алдында мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен есеп беруге тиістілігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысы»
  10. «Мемлекеттік сектор реформалары». «Халықаралық серіктестік және Ұтқырлық – 2015» Британ Академиясының гранты (2016-2018 жж). Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Ольстер университеті (Солтүстік Ирландия) жобасына қатысу.
  11. Балалар мен жастар үшін инновациялық тәсілдердің даму және тұрақтылық бюджеттерін талдауда Ақтөбе облысын қолдау үшін жеке консультация. ЮНИСЕФ Қазақстанда (2016 желтоқсан – 2017 ақпан).