Умбетов Өмірбек Үмбетұлы

Білімі жоғары, техника ғылымдарының докторы, профессор. 1978 жылы политехникалық  институтын (Қ.Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық университет), 1987 жылы Мәскеу тоқыма институтының «Автоматтандыру» кафедрасы аспирантурасын бітірген.  Қ.Сатпаев атындағы Ұлыттық техникалық университетінде докторлық диссертация қорғаған, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, Оқу-әдістемелік кешен директоры, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер» факультетінің деканы, Ақпараттық технологиялар  және  қашықтықтан оқыту  институтының директоры, оқу ісі және ақпараттық  технологиялар  жөніндегі проректоры болып қызмет жасады.

  • Қызығушылығы: IT саласы, технологиялық үдерістегі Автоматтандырылған басқару жүйесі, бағдарламалау, кітап оқу, техника ғылымы
  • Бағыты мен жетістіктері: 170-тен аса ғылыми мақалалар Республикалық және халықаралық конференция материалдары мен ғылыми журналдарда (РИНЦ, Scopus) жарияланған, 3 монография жарыққа шыққан.
    Бірнеше магистрлік жұмыстарға жетекшілік еткен. Техника ғылымымен, білім саласындағы мәселелермен, ЭЕМ-де бағдарламалау тілдерімен және ақпараттық технологиялар саласындағы IT – жобалармен шұғылданған, 2009 жылғы IT саласы бойынша ЮНЕСКО –ның халықаралық эксперті.
  • IT бойынша келесі сертификаттар иесі: «IT – мамандар үшін ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Microsoft»
    «IT — Project Management: Informational technology project management (CompTIA IT Project+)» Springer, АМТ, SCADA TRACE MODE