Университет тарихы

«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім шаңырағына айналдырады».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық келісім негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылы Жарлығымен ашылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Ахмет Ясауи университеті) — Қазақстандағы ең алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны, түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған, түркі әлемі жастарының басын біріктірген бірінші білім және ғылым ордасы.

Ал, 1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Сүлеймен Демирелдің келісімі нәтижесінде «Халықаралық университет» мәртебесі берілді.

1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды.

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет шарттары хаттамасы» ратификацияланды және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарғысымен бекітілді.

Университет миссиясы — Түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болу.

Ахмет Ясауи университетінің Жарғысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметімен бекітілді. Осы Жарғыға сәйкес, 10 адамнан жасақталған Үкіметаралық Өкілетті Кеңес құрылды (Анкара). Оның ішінде 5 мүшесін, Президентті (ректор) қосқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметі, қалған 5 мүшесін Түркия Республикасы Үкіметі тағайындады. Өкілетті Кеңес университет басқаруда екі жақты тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Қаржыландыру республикалық бюджеттен және Түркия Республикасы бюджетінен жүргізіледі.

Ахмет Ясауи университеті — түркі әлеміндегі бірегей университет, ЖОО-да әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдері арасында мәдениетаралық диалогы мен ұлтаралық толерантты тәрбие жүріп жатыр. Қазіргі жаһандану жағдайында Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің идеологиялық маңызы зор.

Білім беру қызметі білім берудің барлық деңгейлері мен тоғыз саласы бойынша 153 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады: Педагогикалық ғылымдар, Өнер және гуманитарлық ғылымдар, Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, Бизнес, басқару және құқық, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), Қызмет көрсету:

Бакалавриат – 57,

Интернатура – 2,

Магистратур – 62,

Резидентура – 17,

Докторантура PhD – 15

2020-2021 оқу жылында университетте 71 доктор, 252 ғылым кандидаты, 100 РhD докторы жұмыс істейді. Оның 5 % — ы-Түркиядан және басқа елдерден келген шетелдік оқытушылар.

Оқыту қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Университет құрамында 10 факультет, Мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебі, кәсіптік колледж, 6 ғылыми-зерттеу институты, докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған диссертациялық Кеңес бар, университетте 10 мыңнан астам студенттер, интерндер, магистранттар, резиденттер мен докторанттар, сондай-ақ дайындық факультетінің тыңдаушылары білім алады.

Ахмет Ясауи университеті – түркі әлеміндегі бірегей университет, онда мәдениеттер диалогы мен әлемнің 17-ден астам елінің жастарын ұлтаралық толерантты тәрбиелеу жүріп жатыр және қазіргі жаһандану жағдайында түркітілдес әлемді рухани біріктіретін білім беру орталығы ретінде маңызды идеологиялық мәнге ие.

Университет 1992 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде медицина мамандарын даярлауды бастады және «full university»университеттерінің халықаралық санатына ие.

Қазіргі уақытта университетте дайындық факультетінің 10274-тен астам студенттері, интерндері, магистранттары мен докторанттары және тыңдаушылары оқиды, оның ішінде 1351 мыңға жуық студент (контингентінің 14%) жақын және алыс шет елдердегі түркітілдес елдерден.

Өзінің жұмыс істеген жылдары жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы 76 мыңнан астам жас мамандарды, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден дайындады, олар бүгінде өз Отанының игілігі үшін табысты еңбек етуде.

Университет тарихына шолу
Напишите свой вопрос

 

×