
Балтабаева Алена Юлдашқызы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы
- Ректорат, 408-кабинет
- +7 (72533) 6-36-29 (10-41)
- alyona.baltabayeva@ayu.edu.kz
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басты мақсаты – Ахмет Ясауи университетінің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалану, ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал етуді жүзеге асыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Ағымдағы және болашақтағы ғылыми және инновациялық қызметті жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша зерттеулер құжаттамасын үйлестіру, жүргізу және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау, іргелі және қолданбалы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысу;
- Университеттің ғылыми жетістіктерін насихаттау, халықаралық және республикалық конференцияларды, симпозиумдарды, семинарларды, кездесулерді, көрмелерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Ғылыми жоспарларды жүзеге асыру үшін университет бөлімшелерінің қызметін бақылау және талдау;