Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы

2017 жылдың 3 ақпан күні Гуманитарлық ғылымдар фекультетінің ұйымдастыруымен философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Д.Кенжетайдың «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты тақырыпта университет студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуде Түркістан қаласының тарихы, мәдениеті, Түркі әлемінің ғылымы мен діні жайында айтылды. Тыңдаушы студенттер үшін діни мәселелер аса қызықты болып көптеген сұрақтар туғызды. Студент жастар барлық сұрақтары мен ұсыныстарына жеткілікті жауап алды. Соңында студенттер профессор Досай Кенжетайға алтын уақытын бөліп, қызықты әңгімесімен бөлісуге келгені үшін үлкен алғысын білдірді.