Зерттеу әдістері талданды

8 ақпан күні университеттің «Жаратылыстану» факультетіне «Визитинг- профессор» бағдарламасы бойынша дәріс беруге келген Түркия мемлекеті Анкара қаласы «Гази» университетінің профессорлары Атилла Мұратхан және Айша Мұратхан ғылыми семинар өткізді.

Семинар мақсаты – «Жаратылыстану» факультетіндегі академиялық және ғылыми жұмыстарды жандандыру, жетілдіру және жас ғалымдар мен ізденушілерге бағыт-бағдар беру.

Профессорлар семинарда ғылым, білім саласында этика сақтау қағидалары, міндеттері, тәртіптері, ережелерінің жүйесі, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, ғылыми мақалалар жазудың әдіс-тәсілдері туралы жан-жақты мәлімет берді.
Қатысушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарына нақты жауаптарын алды.

Ақпарат орталығы

Фото: Н.Искаков