Ғалымдар жолдауға үн қосты

8 ақпан күні, Жаратылыстану факультеті ұжымында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.

Іс-шараға Жаратылыстану факультетінің деканы және декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері мен оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.

«Экология және химия» кафедрасының профессоры Ә.Мейірбеков Жолдау туралы баяндама әзірлеп, тыңдаушыларға ұсынды. Профессор баяндамасында: «Елбасы өз Жолдауында, экономикамыздың әлемдік өсімінің орта деңгейін жоғары қарқынға жетуін қамтамасыз ететін және 30 озық елдің қатарына ілігуге жол ашатын Еліміздің үшінші жаңғыруының бес негізгі басымдығын айқындап берді»-деп өз сөзін бастаған ғалым-ұстаз, Жолдауда айтылған әрбір басымдыққа жекелей тоқталды. Әрбір басымдыққа тәптіштеп түсініктеме берген ғалым баяндамасы тыңдаушылардың көңілінен шықты.

Өз кезегінде оқытушы-профессорлар мен студенттер де белсенді қатысып өз ойларын ортаға салды.

Ақпарат орталығы.