Түркі мемлекеттері туралы семинар

Бүгін, 9 ақпан күні Гуманитарлық ғылымдар факультетіне «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша келген Түркия мемлекеті «Кахраманмараш Сутчу Имам» университетінен профессор, доктор Орхан Доған семинар өткізді.
Екі апталық дәріс беруге келген профессор «Түркі мемлекеттерінің салт-дәстүрі және тәуелсіздік ұғымы» туралы ғылыми дәріс өткізді.
Профессор О.Доған түркі халықтарының байырғы ұлттық салт-дәстүрі, түркі мемлекеттері ішінде халықтың діни көзқарастары, ескі түрік қағанатының басқару жүйелері, сол кездегі сыртқы саясаты және экономикалары туралы мәлімет берді.
Қатысушылар өз пікірлерін айтып, сұрақтарына нақты жауаптарын алды.

Ақпарат орталығы
Н.Искаков