Ғылыми семинар өтті

7-ақпан күні Ахмет Ясауи университеті, Инженерия факультеті және Халықаралық ғылыми жобалар орталығының ұйымдастыруымен Мәдениет сарайының Кіші залында «Визитинг профессор» бағдарламасы бойынша келген Түркияның Гази университетінен келген:

— PhD доктор, профессор Нихат Озтурк «Гази университетінің Технологиялық факультеті, Электротехника мен электроника кафедрасында электротехникалық машиналарды зерттеу және жетілдіру жолдары»

— PhD доктор, профессор Ердал Ырмак «Электрлік энергия желілері жүйесінің істен шығуы және оларды жөндеу мәселелері (Түркия мысалында)»

— PhD доктор, профессор Муса Атар «Эко дизайн» атты ғылыми семинарлар өткізді.

Семинарға ОПҚ, магистранттар мен студенттер қатысты. Семинар барысында импакт-факторлы мақала және ғылыми диссертацияларды жазудың қыр-сыры түсіндірілді. Магистранттар мен студенттер тақырыпқа сәйкес толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауаптар алды.

Ғылым және инновация департаменті