Бірлігі жарасқан білім ордасында — Наурыз той

Жыл жаңарудағы айрықша мейрамды Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік удниверситетінің ұжым атап өтті. Думанды той Киелі шаһар Түркістанның түркі мемлекеттерінің мәдени астанасы болып бекітілуіне орай өтіп жатқан іс-шаралардың жалғасы. Салтанатты жиында әр факультет өзінің ақ дастарханын жайып, ақшаңқан киіз үйде ұлттық дәстүрді дәріптеді.

Әуезді әнге толы айтулы шарада тек игі жақсы амалдар жасалып, ақ тілектер айтылды. Үлкендер дастарханнан дәм ауыз тиіп, тәй-тәй басқан бүлдіршіндердің тұсауын кесті. Дәстүрлі шарада ел бірлігі кеңінен айтылды.

Уәлихан Әбдібеков – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің президенті

30-ға жуық ұлт өкілдерін бір шаңыраққа ұйыстырған білім ошағы Түркістандағы бірлік орталығына айналған. Ұлтаралық татулықтың озық үлгісін дәріптеген шетелдік студенттер өзінің ұлттық өнерлерін ортаға салды.

Розуқули Мәліқұлиев – Моңғолиялық студент

Айтулы шарада білім ордасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан ұстаздар мен белсенді жастар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл күні университеттің ардагер мұғалімдері арнайы шақыртылып, ерекше құрметке ие болды.

Таскүл Махмудқызы – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ардагер ұстазы

Наурыз думанын 12 қанатты киіз үйлер мен 8 факультеттің ақ дастарханы көріктендірді. Қонақтар ұлттық спорт ойындарына қатысып, бақ сынасты. Жастар алтыбақан құрып, ауылдың алты ауызын орындады. Осылайша, бірлік ордасында татулықтың тұғыры биік екені тағы бір дәлелденді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы