Университетіміздің медициналық құқық саласындағы ғылыми жетістіктері

ХҚТУ PhD докторанты Е.С. Шалхаровтың диссертациялық ғылыми зерттеулеріне сәйкес медициналық құқық саласындағы еңбектері республикалық және халықаралық сарапшы-мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Университетіміздің медициналық құқық саласындағы жетістіктері бәсекеге қабілеттілігін Киевте, Венада, Лондонда, Линкорпингде, Готенбургте және Астанада өткен конференцияларда дәлелдеді.

2017 жылдың 16-17 наурызында Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасындағы Медициналық Құқық: қазіргі заманғы мәселелері мен даму мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиумда университетіміздің атынан алғаш рет халықаралық сарапшы ретінде Е.С. Шалхаров қатысты. Симпозиумға шетелдік сарапшылармен қатар еліміздің мәжіліс депутаттары, уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, медицина саласындағы ұлттық холдинг жетекшілері және медициналық құқық саласын зерттеуші ғалымдар қатысты. Симпозиум республикалық БАҚ-да кең жарияланды.

Осы симпозиумда Азербайжан Республикасының өкілі з.ғ.д., м.ғ.д., профессор Вугар Курбанович Мамедов өз атынан және UNESCO бағдарламасының негізіндегі «World Association of Medical Law» ұйымы төрағасы Thomas Noguchi атынан Баку қаласында өтетін «23rd World Congress of Medical Law»-ға ресми шақыру берді.

Жоспар бойынша Конгреске 15 мемлекет өкілдері қатысады. Қазақстан Республикасы тарапынан университетіміздің PhD докторанты Шалхаров Е.С. қатысып «World Association of Medical Law» ұйымына мүшелікке алынады.

Ғылым және инновация департаменті