Пән олимпиадасынан жүлделі оралды

Жуырда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Пәндік олимпиадаға Өнер факультетінің 5В010400- «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының білімгерлері қатысып, жоғары деңгейде білімдерін көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша 3-курс білімгерлері, Н.Есентаев, Б.Тәліпов және 2-ші курс білімгері Р.Абдулла «Әскери спорттық эстафета» сайысынан І-ші орынға, «ҚР Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары жарысынан» ІІ-орынға, жалпы командалық есеп бойынша ІІ-орынға ие болып, арнайы,дипломмен,марапатталды.

Үздік болған білімгерлерді пәндік олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Б.Абусейтов және студенттердің жетекшісі аға оқытушы, аға лейтенант Б.Ахметов олимпиада ұйымдастыру төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.