Жаратылыстану факультеті «Ел боламын десең, бесігіңді түзе тақырыбында» іс-шара өткізді

Жаратылыстану факультетінің Биология кафедрасында 5В011300-Биология мамандығы ЖБЛ-511, ЖБЛ-511F топтарының эдвайзері А.Сейтметованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың сәуір айының 5-ші жұлдызында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» атты ашық тәрбие сағаты факультет деңгейінде өткізілді. Ұрпақ болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, сондықтан да ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап қай ұлт болмасын ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген. Өтілген тәрбие сағатының мақсаты: студенттің бойына ізгілік, имандылық ұялату, бауырмалдыққа тәрбиелеу, қоғамдағы зиянды әдеттерден, жат қылықтардан сақтандыру, қазіргі жастарымызға ой салу. Факультеттің шет елдік студенттерінің арасындағы ұлт араздық ұрыс-керістерді, тұрмыстық дау-жанжалдарды, наразылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған осындай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы өте зор.