Ардагерлердің мерейі тасыды

11 сәуір күні Өнер факультетінің оқу ғимаратында ХҚТУ «Ардагерлер ұйымының» кезекті мәжілісі өтті.

«Ардагерлер ұйымының» төрағасы, профессор Б.Накипов шараны ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтты.

Вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов, Кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Кенжалиев оқу ордамызда көп жылдар еңбек етіп, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан аяулы ардагер ұстаздарды, қызметкерлерді марапаттады.

Мерейтой иелері, «Математика» кафедрасының доценті Ә.Асыбековке, «Орындаушылық өнер» кафедрасының профессоры Р.Садықоваға, «Профилактикалық медицина» кафедрасының доценті, м.ғ.к., С.Ермановаға, «Виварий» зертханасының меңгерушісі қызметін атқарған Қ.Төлбасиевке, шаруашылық бөлімінің қызметкері Н.Болысоваға шапан жауып, сый-сыяпат табыстады.

Сондай-ақ, ардагерлер құрметіне ҚР еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев арнайы келіп, халық әндері «Ақ бақай», «Дариға-дәурен», т.б., тамаша әндерді орындады. Айта кетейік, әнші Р.Стамғазиевтің «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы ретінде шәкірттерге дәріс беруге келген сәті еді.

Көңілдері шат-шадыман болған ардагерлер бір марқайып қалды. Еңбек өтілі 15-22 жылдан кем емес ардагерлер өздеріне азаматтық танытқан басшыларға алғыстарын білдірді.

Фото: Н.Искаков

Ақпарат орталығы