Ынтымақтастық келісімдер кеңеюде — Алаш Айнасы

Бүгін, 20 сәуір күні Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркияның Стамбул университетімен және Қазақстанның Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық меморандумын түзді. 

Еліміздің қара шаңырағы саналатын Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғ.Мұтанов өз кезегінде алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттарда тиімді іс-шаралардың атқарылатындығын айтты. Сондай-ақ, Ғ.Мұтанов профессор У.Әбдібековке жәнепрофессор М.Куталмышқа «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Ахмет Ясауи университетінің президенті Уәлихан Сейділдәұлы қадірлі қонақтар, профессор Махмут Ак пен профессор Ғалымқайыр Мұтановқа университеттің «Құрметті профессоры» атағын табыстап, сый-сыяпат тапсырды.

Мұнан әрі, 3 ЖОО ректорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жоғары білім беру саласының көшбасшылары өзара әріптестік байланыстардың нәтижесінде бірлікте инновациялық жобалар жасау, кәсіби мамандар даярлау, студент алмасу, ғылыми-зерттеулер, ортақ мәдени шаралар жүргізу сияқты, т.б. мәселелер қолға алынатындығын баса айтты.

Өз кезегінде қонақтар оқу орда басшылары профессор У.Әбдібеков пен М.Куталмышқа сыйлықтар табыстап, университет ұжымына жемісті тіледі. Университеттің лебіз кітабына тілектерін қалдырып, оқу орын кампусы мен мәдени ошақтарымен танысты.

Айта кетер болсақ, Стамбул университеті 24 мың оқытушы-профессорлар мен қызметкерлері бар, Түркияның ең озық белді университеті. Қазіргі таңда 260 мың студент оқиды. 564 жылдық тарихы бар оқу орынында 5 медициналық клиника жұмыс жасап тұр.

А.Сәдібеков,

Университет баспасөз қызметінің жетекшісі.