Қ. А. Яссауи атындағы университет студенттері енді түркияда білімдерін жетілдіре алады — Қазақстан ұлттық телеарнасы

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық университет студенттері енді Түркияға барып, Стамбул университетінде білімін  жетілдіреді. Ол үшін екі жақ меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес енді заңгер, журналистика, медицина, дінтану  өзге де мамандықтарды игеріп жатқан жастар бакалавр, магистр, докторантуралық оқуларын шетелде жалғастырады. Ал, түрік студенттері Қазақстанға келіп оқиды. Оқытушы-профессорлар да  тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек, оқу ордалары бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыруды және  ғылыми зертеулер жүргізуді мақсат етіп отыр. 260 мыңнан астам студент білім алатын Стамбул университеті бүгінде әлемдегі көшбасшы оқу ордаларының бірі. 564 жылдық тарихы бар оқу орынында 5 медициналық клиника жұмыс істейді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ