Түркі әлемінің әйгілі тұлғалары Түркістанда бас қосты

«Жаһандану үдерісінде Түркі әлемінің келешегі, мүмкіндіктер мен қауіптер». Салмақты тақырып аясында түркі әлемінің әйгілі тұлғалары пікір алмасты. Келелі басқосу Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи университетінде болып өтті

Конгресс жұмысының бағыттары түркі әлемі елдерінің мәдени, әлеуметтік және экономикалық құрылымдарындағы соңғы жағдайларды қамтыды. Түбі бір түркі жұртының саяси және құқықтық құрылымындағы өзгерістер және демократиялану әрекеттері сөз болды.

Мехмет Тотлы – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің факультет деканы

Бұл күні халықаралық капиталға сүйенген Әлемдік трансұлттық компаниялардың Кавказия және Орта Азияның табиғи энергетикалық ресурстарына қатысты саясаты талқыланды. Жаңа әлемдік жүйедегі Түркі әлемінің рөлі: мүмкіндіктер мен қауіптер және әлемдік жүйемен интеграциялануы талданды.

Есқара Мұхаммеджан – Профессор

Жаһандану және тараптану үдерісінде Түркі әлемі елдерінің арасындағы байланыстар: жетістіктер, мәселелер және шешу жолдары. Екі күндік жиында осы мәселенің мәні айтылды. Жаһандық бұл проблемалардың оң шешімі – Алты Алаштың айқын жолы болмақ.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы