Рухани сілкініс

Жуырда Ахмет Ясауи университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің конференция залында «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, әлеум.ғ. д., профессор О.Нұсқабаев студент жастармен кездесіп, «Елбасы ұсынысындағы кісілік қасиеттер мен іскерлік қабілеттерді қалыптастыру» атты семинар өткізді.

Профессор білімгерлермен бірге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын, әсіресе өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты ұлтжандылыққа – Отанға, тіліміз бен мәдениетімізге сүйіспеншілік, бойымыздағы күш-қуат пен білімімізді Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға, туған жерімізді жан-тәнімізбен қорғауға шақырып келеді. Елбасының бұл бағдарламасы — терең толғанысқа толы ой иірімдерінен туындаған әрі елді рухани жаңғыртуға бағытталған ресми құжат»,-деп баға беретінін жеткізді. Қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің қатарына ену, ұлттық келбетті тұлғаландырудың, ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың қажеттілігі бүгінгі ХХІ ғасырда өте маңызды. Бағдарламада ғаламдық дамудың ХХІ ғасырға тән үлгілері сараланғанын тәптіштеп түсіндірді. Мақалада айтылған әрбір идеяның өзектілігіне тоқталып, мазмұнын таратып берді. Уақыт талабына сәйкес ұлттық келбетті тұлғаландырудың, ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың қажеттілігі пысықталаған бұл мақаланың елдің рухани сілкінісін тудыратын зор құжат болғанын баса айтты.

Студенттер де өз кезегінбде мақалаға орай өз ойларымен бөлісіп, өздерінің көзқарастарын білдіріп, пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат орталығы