Дипломмен жұмысқа! — Қазақстан Шымкент телеарнасы

Ер түріктің бесігі – Түркістанда жастарды тұрақты жұмыс орнымен қамту — әркез өзекті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті қабырғасында  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Оған  оқу орнын биыл бітіретін жастар мен жұмыс беруші өкілдер қатысты.  Айту керек, халықаралық университеттен жыл сайын 2 мыңға жуық жас маман түлеп ұшады.  Былтыр университеттің 1000-нан аса түлегі өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан. Оңтүстіктің индустриалды аймақтарымен таныстырып, кәсіпкерлікке шақырған бұл жәрмеңкенің де болашақта көңіл қуантарлықтай нәтиже көрсетері анық.  Мүмкіндікті қалт жібермеген түлектерді сапалы маман ретінде  жұмысқа шақырушылар қатары көбейіп келеді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы