Мәні зор семинар

23 маусым күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет орталығының кіші залында «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының басшылары университет ғалымдарымен кездесіп, семинар өткізді.

Ғылым және инновация департаменті ұйымдастырып отырған кездесудің негізгі мақсаты «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру» конкурсының құжаттамаларын түсіндіру болатын. Семинарға университет вице-президенті Т.Раимбердиев және оқытушы-профессорлар қатысты.

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамының Жобалау дирекциясының директоры К.К.Омаров, координаторы А.А.Алдангоров мырзалар арнайы сапармен келіп, пайдалы кеңестер берді. Қонақтар шара барысында ғылыми гранттың шарттары мен үлгілері, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жүзеге асырудың үш түрлі механизмі, негізгі секторлардың 44 бағыты бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, грант үміткерлеріне құжат тапсыру барысында ережеге аса мән беру қажет екендігін баса ескертті.

Шара барысында университетіміздің ОПҚ және ғылыми қызметкерлер тарапынан конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді беру туралы сұрақтар қойылып, пікірлер алмасты.

Ақпарат орталығы.