А.Нобель медалі берілді

Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумы шешімімен университетіміздің профессоры Г.Еркібаеваға А.Нобель атындағы медаль тапсырылды.

Аталған медаль педогогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Еркибаеваға ғылымға қосқан сүбелі үлесі үшін беріліп отыр. Ғалымның есімі оқу орынында жемісті еңбек атқарып келе жатқан тұлға ретінде жақсы таныс. Қазіргі таңда әдістемелік бөлімді басқарып отырған Гүлфайруз Еркібаеваның ғылыми-әдістемелік бағыттағы еңбектері қолданысқа енген педагог ретінде де бағаланып келеді. Сөзіміздің айғағы, профессор таяуда ғана

Педагогикалық білімнің Халықаралық ғылым академиясының академигі болып қабылданды. Профессорды осынау марапаттарымен құттықтаймыз!

Ақпарат орталығы.