Ғалымдар кеңесі

Бүгін, 27 маусым күні Мәдениет орталығының кіші залында Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісі өтті.

Мәжіліске университетіміздің ҒЗИ директорлары, факультеттегі ғылымға жауапты тұлғалар, күн тәртібіне қатысты жоба жетекшілері мен қызметкерлер қатысты.

Мәжіліс төрағасы Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент техн.ғ.д., профессор Т.П.Раимбердиев кеңес мүшелерін күн тәртібімен, мәжілісте қаралатын маңызды сұрақтармен таныстырды.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру бойынша жоба жетекшілерінің 2017-жылғы жарты жылдық есебі тыңдалды. Мұнан әрі конкурсалды гранттық жобалар жағдайы туралы мәселе төңірегінде ф.ғ.д., профессор Қ.С.Ергөбек, Ғылыми және инновация департамент директоры А.Ю.Балтабаева мәлімет берді.
Осылайша, бүгінгі мәжілісте ғылыми жұмыстардың сапасы мен орындалуы жөнінде сараптама жасалды. Кеңес мүшелері тарапынан түйткілді мәселелер мен маңызды сауалдар талқыға салынып, пікірлер алмасты.

Ақпарат орталығы.