Университетіміз үздік ондықта!

Жуырда «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі» (БСҚА) 2017 жылғы «Үздік көпсалалы университеттердің ұлттық рейтингі» нәтижелерін жариялады.

Аталған рейтингте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 21 ЖОО арасынан 49,31 ұпай жинап 8-орынды иеленді. Соңғы екі жылда 9-орында тұрған Ахмет Ясауи университеті үздік ондықтағы позициясын бір орынға жоғарылатты. 8-орынға көтерілу — оқу ордамыз үшін үлкен жетістік деп есептейміз.

Бұл жетістік – барлығымызға ортақ қуаныш. Ұжымды осы қуанышпен құттықтай отырып, алдағы рейтингтерде мұнан да жоғары нәтижелер көрсетуді тілейміз!

Аккредитация және рейтинг орталығы.