Түркістан қаласында туризмді дамыту жандануда

Түркістан қаласы 2017 жылы Түрік әлемінің астанасы атануына байланысты университетіміздің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы профессор Мехмет Топлу мырзаның жергілікті әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде қаламызға келетін туристерге сапалы қызмет көрсетебілу мақсатында, қаладағы қонақ үй және мейрамхана қызметкерлеріне 12.06.2017-12.09.2017 аралығында «Қонақ үй және мейрамхана сервис маманы» атты ақылы біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылуда. Курс төлем ақысы әр қатысушыға айына 30.000 теңге болып, жалпы 3 айдан құралатын курсқа 14 тыңдаушы қатысуда. Осылайша факультетіміздің тарихында алғашқы рет жергілікті тұрғындарға арналған ақылы біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылуда. Курс соңында әр қатысушыға куәлік табысталып, жұмыспен қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Алдағы уақытта факультетіміз «1-С Бухгалтерлік есеп» ақылы біліктілік артыру курсын да ұйымдастыруды жоспарлауда. Құтты болсын!