«ІІІ-ТҮРКІ ДҮНИЕСІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ОҚУ КУРСЫ

28.06.2017-19.07.2017 мерзім аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ІІІ-түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқу курсы болып өтті. Бұл курсқа Түркия Республикасының 36 Жоғары оқу орнынан 212 студент келіп білім алды. Сонымен қатар, Қазақстанның белді университеттері: Е. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Шет тілдер және іскерлік карьера университеттерінен 23 студент және Қырғызстанның озық университеттері: Қырғыз-Түрік Манас университеті, Ош мемлекеттік университеті және Халықаралық Қырғыз университеттерінен 23 студент келіп білім алып қайтты.
29.06.2017ж. күні мәдениет сарайында «ІІІ-түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқу курсының» ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатының 1-бөлімінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің І-вице-президенті Мехмет Куталмыш жазғы оқу курсқа қатысу үшін шет елдерден келген студенттерге өз алғысын білдіре отырып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркия және Қазақстан Республикаларының екі жақты келісім шарт негізінде құрылған Халықаралық университет екенін айта кетті. Және де, шетел студенттерге сәттілік пен ізгі-тілектерін жеткізіп өз сөзін тәмәмдады. «ІІІ-түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқу курсына» орай ұйымдастырылған ашылу салтанаты әсерлі концертпен өз мәресіне жетті.
Білім алуға келген студенттер қазақ, орыс, түрік тілдерінде дәріс алды. Аптаның әр күнінде өткізілген семинарларға қатыса отырып, Түркия және де басқа өлкелерден білім алуға келген шетел студенттер белсенділік танытты. Әр-түрлі мәдени бағдарламалар және музыкалық қойылымдар өткізілді. Университеттің ұйымдастыруымен шетел студенттер Түркістан, Укаша ата, Отырар, Арыстан баб, Сайрам секілді қалалар мен аймақтарды зиярат етті.
ІІІ-түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқу курсының тәмәмдануына байланысты жабылу салтанаты өткізілді. Жабылу салтанатына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің І-вице-президенті Мехмет Куталмыш, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Ахметов Берік, вице-президент Батырбаев Нұрлан және қадірлі қонағымыз шетелдегі түріктер және туыстық қауымдастық дирекциясы қолдау қызметтері басшысы Суат Бейлур мырзалар катысты Сондай-ақ, дәріске белсенді қатысқандары үшін арнайы сертификатпен және сыйлықтармен марапатталды.
ІІІ-түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқу курсының жабылу салтанаты гала концертпен, мерекелік кешкі ас және ойын-сауықпен аяқталған болатын. Түркістан қаласында өткен мерекелік кешкі аста білім алушылар жазғы оқу курсының аяқталу толқынын сезіп, бақытқа кенелді.