Ұстазым ұлы тұлғам

Жаратылыстану факультеті студенттік деканатының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек күні Ұстаздар мерекесіне орай №3 оқу ғимаратының №321 конференция залында «Ұстазым ұлы тұлғам» атты мерекелік кеш болып, онда Жаратылыстану факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары PhD доктор Н.Әбдімүтәліп, «Экология және химия» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Р.Н.Нұрділлаева, факультеттің кәсіподақ төрайымы п.ғ.к., доцент м.а. Ә.Х.Сарыбаева құрметті мамандық иелерін мейрамымен құттықтады, оқытушы- профессор құрамын кәсіби мерекемен құттықтап, студенттерге келешекте мықты маман, ұстаз болыңыздар деген жақсы тілектерін білдірді. Ұстаздарға ақ тілек пен ыстық ықыласын білдірген студенттер мерекелік концерт ұйымдастарып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.