ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ

6 қазан күні Инженерия факультетінің 1 курс студентеттері құрметті ұстаздардың мерекесіне орай, «Ұстаз – ұлы есім» атты концерттік кеш өткізді.

Шараны игі тілегімен ашып берген Инженерия факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент Ә.Төлеп ұстаздар қауымын құрметтеген шәкірттерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, факультеттегі ұлағатты ұстаздардың бірқатары сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін айтты.

«Ұстаздың жолы- ауыр жол» көріністік қойылымы, флешмоб, студенттер Т.Мамытов пен К.Бердіқұл «Ұстазым» әні, Жайдарман ойыны, Қуандық Ерғалымның, Нұрзілдә Нұрсұлтанның әндері ұстаздарға қуаныш, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Керемет кешті ұйымдастырушы білімгерлер ұстаздарына деген сый-құрметін тамаша тілектермен жеткізді.

Ақпарат орталығы