Ұстаз – ұлы тұлға

Жуырда Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Менеджмент және туризм кафедрасы, Менеджмент мамандығының 2-курс білімгерлерінің ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай «Ұстаздар — ұлы тұлғалар» атты концерттік кеш өтті.
Шараға факультет деканы, профессор М.Топлу, декан орынбасарлары Д.Келесбаев , С.Мұханов, «Менеджмент және туризм» кафедрасының меңгерушісі Н.Абишов, ЭЭМ-611, ЭЭМ-611F тобының студенттері қатысты.

Іс-шараны Әбубәкір Жанат және Турдалыулу Сүймөн жүргізді. Шараның ерекшелігі, ұстаздармен студенттердің арасына алтын көпір салу мақсатында оқытушыларға сұрақтар қойылды. Ұстаздар қызықты естеліктерімен бөлісіп, жүректен шыққан жылы сөздерін арнады. Сұрақтарға оқытушылар белсенді жауап беріп, кеш көркін қыздырды.
Шәкірттер де ұстаздарға деген жүрек жарды лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында факультет деканы М.Топлу ыстық лебізін білдіріп, білімгерлер көрсеткен құрметке алғыс айтты. Декан орынбасары С.Мұхановтың домбырамен сүйемелдеуімен студенттер оқытушылармен бірге әсем ән шырқады.

Ақпарат орталығы