«Барыңды бағала»

Бүгін, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен «Қарттар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік жиынды «Тәрбие және мәдени істер департаментінің» директоры Л.Есентаева мен Әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының орынбасары С.Мұқанов құттықтау сөзбен ашты. Ұлағатты ұстаз З.Жандарбеков шәкірттер ілтипатына рахмет айта отырып, жастарға өмір атты керуенде сәтті сапар тілеп, батасын берді. Студенттер құйқылжытып күй ойнап, сызылтып скрипка тартып, жанды дауыста ән орындады. Кештің соңында бүгінгі ұрпаққа ой салатын «Барыңды бағала» атты фильм көрсетілді.

Фото: Е.Сердәлі

Ақпарат орталығы