“English club” студенттік клубы жұмысын бастады

Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап, Жаратылыстану факультетінің білімгерлерінің ұйымдастыруымен “English club” студенттік клубы жұмысын бастады.

«English Club» студенттік клубы университет білімгерлер арасынан жасақталып ашылу салтанаты өткізілді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында көрсеткендей төртінші басымдық — адами капитал сапасын жақсарту жөнінде, яғни білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге, соның ішінде ағылшын тілін меңгеруді атап өткен.

«English Club» — тың басты мақсаты – университетте оқитын студенттерге ағылшын тілін деңгейлетіп оқытумен қатар, басқа да ағылшын тілінде қоғамдық жұмыстарға араластыру, ағылшын тілін дамыту және теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдана білу. Сондай-ақ IELTS тестіне дайындалуға көмек көрсету, факультеттер арасында қарым-қатынаста болу, түрлі халықаралық бағдарламалар бойынша грант жеңіп алу мақсатында конкурстарға қатыстыру. Шет ел халықтарының ұлттық мерекелерін студенттермен ағылшын тілінде ұйымдастыру.

«English Club» клубының төрағасы Жаратылыстану факультеті 5В011300-биология мамандығының 1-курс студенті Үсенбек Нұрберген.