Ғалымдар кеңесі

10 қазан күні Ғылыми кітапхана конференц-залында Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісі өтті.

Мәжіліске университетіміздің ҒТК мүшелері, факультеттегі ғылымға жауапты тұлғалар, күн тәртібіне қатысты жоба жетекшілері мен қызметкерлер қатысты.

Мәжіліс төрағасы, Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент техн.ғ.д., профессор Т.Раимбердиев күн тәртібін, мәжілісте қаралатын маңызды сұрақтарды таныстырды.

Сондай-ақ, ҚР БжҒМ гранттық қаржыландыру бойынша жоба жетекшілерінің 2017-жылғы жылдық есебі тыңдалды.

Мәжілісте ғылыми жоба шеңберінде орындалған жұмыстардың сапасы мен орындалуы жөнінде сараптама жасалды. Кеңес мүшелері тарапынан түйткілді мәселелер мен маңызды сауалдар талқыға салынып, пікірлер алмасты.

Ғылым және инновация департаменті