Жас ғалымдармен кездесті

11 қазан күні Мәдениет орталығының кіші залында Ғылым және инновациялық істер жөніндегі вице-президент, профессор Т.Раимбердиев магистрант, докторанттардың ғылыми-ізденушілік жұмыстарына бағыт-бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.

Профессор Т.Раимбердиев 2017-2018 оқу жылында қабылданған магистрантар мен докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттарын алғашқы күннен дұрыс таңдап, алдағы уақытта зерттейтін ғылыми жұмысының тақырыбының қаншалықты өзекті екендігіне баса назар аударуы тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, олардың ғылыми жетекшілерін тек университетіміздің ОПҚ-нан ғана емес, еліміздің басқа да ЖОО-нан таңдауға құқылы екендіктерін ескертті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында Thomson Reuters, Scopus, Springer Nature, Elsevier, TUBITAK ULAKBIM, EBSCOhost, IEEE, iThenticate және Mendeley секілді халықаралық дерекқорлар қызметінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керектігін нақтылап айтты.

Магистранттар мен докторанттар ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға, ізденіс іс-шараларын ұтымды жүргізуге қатысты көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Профессор Т.Раимбердиев ғылым жолына енді қадам басқан білімгерлерге алдағы уақытта заман талабына сай еңбектеніп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.

Ғылым бөлімі