Интеллектуалдық сайыс өтті

30 қазан күні Ғылыми кітапхананың конференц-залында Стоматология факультетінің ұйымдастыруымен «I am SMART» (Мен ақылдымын) атты интелектуалды сайыс өтті.
Сайыс мақсаты — студенттердің білім, білік дағдыларын анықтау, шапшаң ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, өздерін еркін ұстай білуге үйрету.

Шараға Стоматология факультетінің деканы, доктор, профессор Юксел Түркөз, Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Г.Шеримбетова, «Адам патологиясы» кафедрасының оқытушысы Б.Жакипов, «Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология» кафедрасының оқытушысы Б.А.Ерназарова, т.б. ОПҚ құрамы қатысты.

Сайыста «StuDent», «White Power», «StomaDent» топтары 5 бөлім бойынша бақ сынасты: «Білім алаңы», «Жүзден жүйрік», «Полиглот», «Адам жанашыры — дәрігер», «Логикалық есеп».
Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды «White Power» (Ақ күш) тобы, ІІ орынды «StomaDent» тобы, ІІІ орынды «StuDent» тобы иеленді.

Сондай-ақ, өнерлі білімгерлер СТК-232Ғ тобының студенті Динчер Дениз «Yalnızlık senfonisi» түрік әнін, СТК-233 тобының студенті Н.Есенаманов «Ханшайым» әнін орындады.

Ақпарат орталығы