«Қызым-үйде, қылығы түзде» атты ашық тәрбие сағаты өтті

Жаратылыстану факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес Экология және химия кафедрасының Доцент м.а. Қ.Абдраимованың жетекшілігі мен 5В060800 – Экология мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруы мен 31.10.2017 күні сағат 11.30да, №3 оқу ғимаратының №324 аудиториясында «Қызым-үйде, қылығы түзде» атты ашық тәрбие сағаты өтті. «Қызым үйде, қылығы түзде” атты ашық тәрбие сағаты елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтары, жалпы мұсылман елдері әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтардың бірі де, бірегейі», – деген сөзінен басталды.

Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр. Тәрбие сағатына факультет деканаты және ОПҚ мен білімгерлер қатысты.