Қазақстанның медиа кеңістігі:қазіргі заманғы шындық

Оқу ордамыздың өкілдері, «Қоғамдық ғылымдар және журналистика» кафедрасының меңгерушісі А.Малдыбек, профессор Б.Сердәлі, 3- курс студенті Н.Нышанбай Алматы қаласында жоғары оқу орындары журналистика кафедралары оқытушыларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның медиа кеңістігі:қазіргі заманғы шындық» тақырыбында өтіп жатқан дөңгелек үстелге қатысуда.

Шара ұйымдастырушылары — Бас редакторлар клубы мен SUCCESS K стратегиялық байланыстар агенттігі. Мақсаты — БАҚ-тағы манипуляция, саналы жалғандықтар, әлемдік фейк мониторингі, журналистік этика, журналист кадрларын әзірлеу мәселелерін талқылау. Басқосу барысында телеарналарды неге әртістер мен әншілер жаулап алды, теориялық білім алған маман журналистер неге жұмысқа тұра алмайды?, кадрларды жұмысқа орналастыруда орталықтандырылған мониторинг жүйесі неге үзілген?, болашақ журналистерді ВОУД емтихандарымен сынақтау дұрыс па? т.б көптеген толғақты мәселелер қозғалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Бас редакторлар клубының президенті Е.Бекхожиннің, «Мектеп баспасының» директоры Е.Сатыбалдиевтің, SUCCESS K стратегиялық байланыстар агенттігінің атқарушы директоры А.Төкеннің, Медиа Альянс қоғамдық ұйымының құрылтайшысы А.Шураевтың, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі М.Тайкенованың, ЖОО-лардан қатысып отырған өкілдердің журналист кадрларын даярлау проблемаларына қатысты маңызды пікірлерін тыңдады.

Ақпарат орталығы