Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиті

6 қараша күні Ахмет Ясауи университетінің Мәдениет орталығында Акредитация және рейтинг орталығының сарапшылары СМЖ бойынша 23.10.2017-27.10.2017 аралығында жүргізген ішкі аудиттің қорытынды жиыны өтті.
Жиынға университеттің СМЖ басшылық өкілі, вице-президент, профессор М.Куталмыш, вице-президент, профессор Н.Ажиханов және Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы Ж.Дәрібаев, аудит жүргізушілері эксперттер мен аудиторлар, құрылым басшылары, факультет декандары мен бөлім басшылары қатысты.

Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы Ж.Дәрібаев бес күнде жүргізілген ішкі аудиттің нәтижесін айтты. Ішкі аудит барысында Сапа аясында анықталған мақсаттардың Стратегиялық жоспарға сәйкестендірілуіне, жоспарланған үрдісті қадағалау және оларға мониторинг жүргізуге, өлшеу мен талдауға, құжаттардың басқарылуын және сондай-ақ, әрбір құрылым бойынша басшылық тарапынан талдау жүргізілуі, құрылымдық ережелер мен қызметтік нұсқаулардың талаптарға сәйкестігі, ақпаратпен алмасу мен ішкі алмасулар, кадрлардың құзіреттілігі, құрылымдық бөлім басшыларының хабардарлығы мен дайындығы, нәтижелілікті ұдайы жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар мен тұтынушының қанағаттандырылу көрсеткіштері және мәліметтерді талдау ақпараттары назарға алынғандығын айтты.

Ішкі аудиторлар мен ішкі эксперттер кафедраларды, зертханаларды, оқу аудиторияларын және өзге де құрылымдық бөлімшелерді аралап, университет инфрақұрылымы жағдайына, олардың тиімді қолданылуына мән беріліп, персоналдармен, басшылық өкілдерімен әңгімелесу барысында бірқатар пікірлер қалыптасқандығын мәлімдеді. Сонымен қатар университеттің халықаралық стандарттарына сәйкес бірқатар ұсыныстар айтылды.

Фото: Н.Искаков,

Ақпарат орталығы