Нурлан Смадиярович Жанабаевтың диссертациялық жұмысының ашық түрде корғалуы туралы

2017 жылғы 21 қазан күні сағат 12-30да Мәдениет орталығының кіші мәжіліс залында 6D110200–«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ашылған Диссертациялық кеңес мәжілісінің 6-шы отырысы өтті. Диссертациялық кеңес отырысында философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуші Н.С. Жанабаевтың «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аудан тұрғындарының диспансерлік топтарына медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбы бойынша диссертация қорғалды.

Дауыс беру нәтижесінде, Н.С.Жанабаев «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне лайықты деген шешім қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесі берілуіне ұсынылды.