Карлыгаш Нартбаевна Тажибаеваның диссертациялық жұмысының ашық түрде корғалуы туралы

2017 жылғы 21 қазан күні сағат 11-де Мәдениет орталығының кіші мәжіліс залында 6D110200–«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша ашылған Диссертациялық кеңес мәжілісінің 6-шы отырысы өтті. Диссертациялық кеңес отырысында философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуші К.Н.Тажибаеваның «Шымкент қаласында еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында қатерлі ісік ауруын ерте анықтаудың медициналық және ұйымдастырушылық технологияларын жетілдіру» тақырыбы бойынша диссертация қорғалды.

Дауыс беру нәтижесінде, К.Н.Тажибаева «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне лайықты деген шешім қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне философия докторы (PhD) дәрежесі берілуіне ұсынылды.