Достық семинары өтті

3-5 қараша күндері Оңтүстік Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданы «Таң нұры» демалыс аймағында «Бірлігіміз» жарасқан достық семинары өтті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші реформасы «Біртектілік пен бірлік» 85-90 қадамдарын жүзеге асыру мақсатында өткізілген үш күндік достық семинарына университетіміздің түркі дүниесінің 27 білім алушылары мен жетекшілері ретінде барған Тәрбие және мәдени істер департаментінің директор орынбасары Е.П.Айнақожаев және Ақпарат орталығының редакторы Г.Маманова қатысты. Демалыс орнына Оңтүстік Қазақстан облысының ЖОО-нан жиналған шетелдік жастар бір-бірімен танысып, ынтымағы мен бірлігі жарасып, достарын көбейтіп, қарым-қатынас орнатып, құндылықтарға ие болды.Сонымен қатар достық семинарына қатысқан студенттерге Оңтүстік Қазақстан обылысы жастарының атынан сертификат табысталды.

Таулы аймақтың табиғат аясында өткен достық семинарынан жастар көңіл-көтеріп, семинар тренингкке қатысып, мол әсер алып қайтты.

Ақпарат орталығы