Ұлы көсем М.К.Ататүрікті еске алды

10-қараша күні Ахмет Ясауи университеті, Мәдениет орталығының фойесінде Түркия Республикасының белгілі көшбасшысы, ұлы көсемі М.К.Ататүріктің қайтыс болған күнін еске алуға арналған шара өтті.

Шараға университет басшылары, оқытушы-професорлар, қызметкерлер және студенттер қатысты.

Мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 10 қараша, 1938 жылы, сағат 9:05 кеткенде қайтыс болды.

Ұлы көсемнің қайтыс болған 79 жылдығына үнсіздік жарияланып, барлық қатысушылар Түркия Республикасының тұңғыш президентіне деген құрметін танытты. Халқына ұлттық сана берген ұлы қайраткер Ататүрік ұлықталды. Мықты идеялар, тарихи реформалар, көптеген еңбектер, керемет қағидалар қалдырған М.К.Ататүрік дәріптелді.
Даму және қаржыландыру ісі жөніндегі вице-президент М.Эрен және «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі PhD Ефтал Батмаз М.К.Ататүрік бюсті алдына гүл шоқтарын қойды. Бір минут үнсіздік жарияланып, Түркия Республикасының әнұраны орындалды.

Тарихта өшпес із қалдырған белгілі көшбасшы, түрік халқының ерекше сүйікті тұлғасы жайлы университетіміздің І вице-президенті М.Куталмыш ұлы көсем Ататүрік туралы, баяндама жасады. Ұлттық рухты көтерген дарынды қолбасшы Ататүріктің өмірі мен Түркия мемлекетін қалай құрғанын айтты.
Ақпарат орталығы