Ашық сабақ өтті

4 желтоқсан күні №2-ші оқу ғимаратының 213-аудиториясында «Әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы, «Педагогикалық шеберлік мектебінің» меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Г.Еркибаева «Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері мен түрлері» атты тақырыпта Стоматология факультетінің СТК-122 (foundation), СТК-123 топтарына орыс тілі пәнінен ашық сабақ дәрісін өтті. Ашық сабаққа университеттің жас оқытушылары мен Оқу-әдістемелік бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Дәрістің мақсаты — іскерлік сөйлеу ерекшеліктерін білу, табысқа жетуге ынталандыру, өзін-өзі дамыту, ой жүйелеу шеберліктерін қалыптастыру, топтарда жұмыс істеу қабілетін арттыру.

П.ғ.к., профессор Г.Еркибаева инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері, бизнестегі қарым-қатынас түрлері, бизнестегі келіссөздер, телефон арқылы іскерлік келіссөздер жүргізу, орындау туралы интерактивті тақта арқылы орыс тілінде дәріс өтті.
Профессор бизнес әлеміндегі іскерлік қарым-қатынас, әдеби сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәнері, белгілі бір қалыптасқан нормаларық ережелерді сақтау, ауызша немесе жазбаша түрінде ресми іскерлік тілінде әдеп пен мәдениет шеңберінен шықпай сөйлеу білу қажет екенін атап көрсетті. Сабақ барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра отырып, үш топқа бөлінген студенттер тақырыпқа байланысты іскерлік саласында сөйлесу түрлерін, іскерлік қарым-қатынас, сөйлейтін және тыңдаушы арасындағы бір жақты және екі жақты сөйлеу мәнерін іс-жүзінде орындады.
Дәріс теориялық және әдістемелік жағынан оқытушының студенттерді үнемі белсендіру әдістерімен ерекшеленді және жоғары деңгейде өтті.

Фото Н.Искаков
Ақпарат орталығы