Өнер факультетінің жас ғалымдарының семинары

4 желтоқсан күні Университетіміздің Өнер факультетінің «Жас ғалымдарының ғылыми семинары» өтті. Семинардың мақсаты – жас ғалымдарды ғылыми шығармашылыққа тарту, тәжірибе алмасу. Семинарға факультет ОПҚ қатысты.

Семинар жұмысының негізгі бөлігінде жас ғалымдар Б.Баймуханбетов және А.Алтынбеков өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Жас ғалымдарға сұрақтар қойылып, ОПҚ арасында қызу талқыға салынып, сүбелі ойларын ортаға салды.

Семинарды ұйымдастырушы Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі проректор Т.П.Раимбердиев жас ғалымдарға инновациялық ғылыми бағыттарға бет бұрып, ізденістерін одан ары қарай жалғастыру керектігін айтып өтті.

Ғылым бөлімі